Ссылки доступа

Израиль Нетаньяхуға шабуылдың алдын алынғанын мәлімдеді


Биньямин Нетаньяху.
Биньямин Нетаньяху.

Израильдің барлау қызметі премьер-министр Биньямин Нетаньяху, қорғаныс министрі Йоав Галант және Қауіпсіздік қызметінің басшысы Ронен Барға шабуыл әрекетінің алдын алынғанын мәлімдеді.

Израиль Қауіпсіздік қызметінің мәліметіне қарағанда, шабуыл операциясына дайындық жүргізді деген күдікпен 73 жастағы израиль кәсіпкері Моти Макман қамауға алынған.

Оның ұзақ уақыт Түркияда тұрып, ирандық кәсіпкерлермен қаржылық байланысты сақтап келгені айтылады.

Макман Иранға екі рет жасырын барып, ол жерде Иранның ресми өкілдерімен жасырын кездесіп, Израиль лидерлеріне шабуыл жасауды ұйымдастыруды сұраған.

Ол иран тараптан миллион доллар аванс сұрағаны, бірақ шабуылға дайындық үшін 5 мың еуро берілгені ғана айтылған.

XS
SM
MD
LG