Ссылки доступа

Израиль ХАМАС-пен келіссөз шартына келісті


Иерусалим көшелерінде ілулі тұрған ХАМАС құрбандарының суреті
Иерусалим көшелерінде ілулі тұрған ХАМАС құрбандарының суреті

Израиль Парижде арағайындардың қатысуымен өткен кепілдерді босату бойынша ХАМАС радикал тобымен келіссөзге келісті.

"Маарив" газетінің жазуынша, ХАМАС тобы әзірге бұл ұсынысқа жауап бермеген.

Ұсынылған жоспарға сәйкес, Газа секторында Израиль қорғаныс армиясы жүргізіп жатқан соғыс операциясын тоқтатуы тиіс. Израиль сонымен бірге бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс. Сонымен бірге палестиналық тұтқындарды босатуы тиіс. Ал ХАМАС былтыр 7 қазанда шабуыл кезінде кепілге алынған адамдарды біртіндеп босатуы керек.

Егер келісім жүзеге асса, кепілдегі 100 адам үйіне оралуы тиіс. The Wall Street Journal мәліметінше, келісімге сәйкес, алдымен балалар мен әйелдер, қариялар босатылуы тиіс. Сосын тұтқындағы әскерилер босатылып, өлген адамдардың денесі жерленуге берілуі керек. Бұдан бөлек соғысты мүлдем тоқтату жөнінде де келіссөз жалғасып жатыр.

Париже өтіп жатқан келіссөзге Израильдің "Моссад" арнайы қызметінің басшысы, Орталық барлау басқармасы басшысы және ХАМАС тобымен байланыс орнатып отырған Катар мен Египет өкілдері қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG