Ссылки доступа

Ошта өзбек үкіметі 5 млн долларға жөндеген театр жаңа маусымын бастады


21 қарашада Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында Бабыр атындағы Өзбек академиялық театры 105-маусымын бастады. Театр ғимаратын жөндеу әлі аяқталған жоқ, сол себепті ұжым жаңа маусымын Сұлтан Ибраимов атындағы Ош ұлттық қырғыз драма театрында ашты.

Қырғызстанда ашылған алғашқы театрды Өзбекстан үкіметінің қаржылай қолдауымен жөндеп жатыр.

Батыр атындағы театрда жөндеу жұмыстары 2021 жылғы 13 қыркүйекте басталды. Өзбекстан үкіметі Орталық Азиядағы ең көне театрлардың бірін жөндеуге 5 млн доллар бөлді.

Театрды жөндеу басталған уақытта Ош әкімдігі жұмысты 5 млн долларға бағалап, құрылыс 2022 жылдың басында аяқталады деп мәлімдеген.

Алайда құрылыс көлемі көбейіп, енді оның құны 7,5 млн долларға жеткен.

Құрылысшылар театрдағы жұмыстың шамамен 80 пайызы біткенін айтты. Қазір ғимараттың сыртын, сахнасын әрлеп, орындықтар орналастырып жатыр. Жұмыс 2023 жылдың наурызына дейін аяқталуы тиіс.

Театр ұжымы жаңа маусымға "Самар Бону", "Дудук Келін" спектакльдері мен "Мақом Гүлшан" концерттік бағдарламасын дайындады.

Бабыр атындағы Өзбек академиялық театры 1914 жылы ашылған. 1918 жылы Түркістан революциялық әскери кеңесіне қарасты театр труппасы болып өзгерген. 2004 жылы мәдени орталыққа "Академиялық театр" мәртебесі берілді.

XS
SM
MD
LG