Ссылки доступа

Кадыров соғысып жүрген жеткіншек ұлдарының видеосын жариялады  


Рамзан Кадыров
Рамзан Кадыров

Шешенстан президенті Рамзан Кадыров кәмелетке жасы толмаған үш ұлы, кенжесі 14 жаста, Украинада соғысып жүргенін мәлімдеді.  

Кадыровтың сөзінше, 16 жастағы Ахмат, 15 жастағы Зелимхан және 14 жастағы Адам "қарсыластарына қарсы шабуылға шығушыларды оқ жаудырып қорғап тұрған". Ол жариялаған видеодан жеткіншектердің гранатометпен оқ атып тұрғанын көруге болады.

Шешенстанның оппозициялық телеграм-каналындағы мәліметке қарағанда, видео тылда түсірілген. Соғыс жүріп жатқан жер, ол айтқан елді-мекенмен толық сәйкес келеді.

Қазан айының басында Рамзан Кадыров ұлдарының Украинаға соғысқа баратынын жазған. Ол оппозициялық блогерлердің "шешен басшылары соғысқа өзінің туыстарын жіберіп жатқан жоқ" деген мәлімдемелеріне осылай жауап берген.

Ресей ратификациялаған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі конвенциясына сәйкес, 15 жасқа дейінгі баланың соғысқа қатысуы - әскери қылмыс болып саналады.

Ресейдің балалар құқығына жауап беретін ресми тұлғалары бұл видеоға әлі күнге дейін пікір білдірмеді.

XS
SM
MD
LG