Ссылки доступа

Қамаудағы қырғыз белсенділері Мирзияевке Кемпірабад мәселесі бойынша үндеу жолдады


Кампирабадское водохранилище
Кампирабадское водохранилище

Қырғызстан Жогорку Кенешінің салалас комитеті Кемпірабад су қоймасын бірлесіп басқару туралы қырғыз-өзбек үкіметаралық келісімінің жобасын мақұлдады.

Парламенттің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон жөніндегі комитеті су қоймасына қатысты осымен екінші құжатты қолдады. Оппозиция екі құжатқа да қарсы шықты. Бұның алдында комитет қырғыз-өзбек шекарасы туралы екіжақты келісім жобасын мақұлдаған.

Бұл уақытта Кемпірабад су қоймасын қорғау жөніндегі комитеті Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке ашық үндеу жолдады. Үндеу комитеттің Фейсбуктегі парағында жарияланды. Ашық хат авторлары өзбек президентінінен Кемпірабад мәселесі төңірегіндегі дау шешілмейінше келісімге қол қомай тұруын сұрады.

"Кемпірабадты қорғау" комитетінің барлық дерлік өкілі - жиырмадан астам оппозициялық саясаткер мен белсенді - 23-24 қазан аралығында "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды" деген күдікпен ұсталып, екі айға қамалды.

31 қазанда Қырғызстан парламентінің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон жөніндегі комитеті Кемпірабад су қоймасын бірлесіп басқару туралы қырғыз-өзбек үкіметаралық келісімінің жобасын мақұлдады.

Депутаттар Адахан Мадумаров, Шыңғыс Айдарбеков және Нұржігіт Қадырбеков жабық отырыс өтетін орыннан наразылық ретінде шығып кетті. Адахан Мадумаров келісім жобасы Қырғызстанды өте күрделі жағдайға қалдырды деп мәлімдеді.

Келісімге сәйкес, Кемпірабад су қоймасын басқару үшін бірлескен комиссия құрылады. Оған Қырғызстан мен Өзбекстаннан 12 адам кіреді.

Өзбекстан су қоймасының сақталуын қамтамасыз етіп, техникалық қызметін атқарады, қырғыз жағымен келісілген су көлемін ағытады. Өзбекстан су деңгейін 900-горизонтальдан асырмауды міндетіне алады. Алайда форс-мажор жағдайында су деңгейі келісімде көрсетілген деңгейден жоғары болуы мүмкін.

Өзбек жағы бірлескен комиссиядағы қырғыз өкілдерінің паспортын су қоймасына кірер кезде тексеруге құқылы.

Кемпірабад - совет заманы кезінде Өзбекстандағы мақта алқаптарын суғару үшін тұрғызылған су қоймасы. Оның құрылысы 1969 жылы басталып, 1983 жылы аяқталды.

Бөгет биіктігі 105 метр. Қырғыз-өзбек шекарасы осы бөгет арқылы өтеді. Оның қырғыз жағында Өзбекстанның екі су электр станциясы орналасқан.

Өзбекстанның шамамен 2 млн га егістік жері Кемпірабадтан ағатын сумен суғарылады.

Өзбек жағы Кемпірабад мәселесіне қатысты ресми ұстанымын әзірге жариялаған жоқ.

XS
SM
MD
LG