Ссылки доступа

Ресейдің бірінші теннисшісі Дарья Касаткина каминг-аут жасады


Ресейдің рейтингте бірінші тұрған теннисшісі Дарья Касаткина спорт блогері Вита Кравченкоға берген сұхбатында каминг-аут жасады.

Кравченко "Ресей спорты тарихында алғаш рет каминг-аут жасаған" Надежда Карпова туралы әңгіме қозғаған. Оған жауап берген Касаткина осындай батыл қадамға барған атлетті қолдайтынын, "осындай мәлімдемені есту маңызды деп санайтын қыздар үшін де" қатты қуанғанын жасырмады.

"Қобалжып отырмын. Осылай ашық сөйлеспеген едім. Камераға ешқашан айтқан емеспін. Бірақ өзіме ұнайтын секілді", - деп жауап берді Касаткина каминг-аут жасау сәтінде.

Блогер теннисшіден ұнататын қызы бар ма деп сұрағанда, Касаткина оған "ия" деп жауап берген.

Дарья Касаткина 25 жаста. Ол Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 12-орында тұр. Қазір Касаткина Барселонада тұрады.

XS
SM
MD
LG