Ссылки доступа

Байқоңырда бандалар тобы қолға түскені хабарланды 


Байқоңыр қаласы 

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Байқоңырда қылмыстық топтың 18 мүшесін ұстағанын мәлімдеді. Бұл қала ғарыш айлағымен бірге Ресейге жалға берілген. 

ҰҚК мәліметінше, арнайы операцияға Ресейдің Федералды барлау қызметі мен ішкі істер министрлігі қатысқан.

Қылмыстық топтың өкілдерін бір уақытта Астана, Қызылорда, Қонаев қалаларынан ұстаған. Бар-аяғы 18 адамның қамалғаны айтылады. Олардан қару-жарақ және ақша тәркіленген.

Арнайы қызмет мәліметінше, бандалар тобының былтыр қыркүйек айында Байқоңыр қаласында болған атысқа тікелей қатысы болған. Атыс кезінде өтіп бара жатқан жолаушы қаза тапқан.

Ресей Байқоңыр қаласын ғарыш айлағымен бірге 2050 жылға дейін жалға алған. Мәскеу қазір Ресейдің шығысынан өзінің ғарыш айлағын салып жатыр.

XS
SM
MD
LG