Министр Аида Балаеваның пікірінше, TikTok желісінде керағар контент көбейіп барады.
Қазақстан билігі әлеуметтік желіні бұғаттау жөніндегі шешімін балаларды қорғау мәселесімен түсіндіріп отыр. Министр осы мәселеге көрші елдер шара қолданғаннан кейін назар аударғанын жасырмайды.
«Министр ретінде айтарым, осы мәселені көтеру қажет, себебі бәрімізге әсер етеді. Балалар көреді, онда былапыт сөздер көп екенін білесіздер. Балгерлердің мекеміне айналған» дейді шенеунік.
TikTok әлеуметтік желісін қолданушылар көбейгеніне парламент депутаттары да алаңдап отыр. Аманат фракциясының мүшесі Ерлан Саировтың айтуынша, кейінгі екі жылда ғана 14 миллионнан астам қазақстандық осы желіге тіркелген. Депутаттың пікірінше, TikTok «балаларды алтын балалық шақтан айырып жатыр».
Блогер Митя Байназаров биліктің TikTok желісінен қауіптену себебі басқа деп біледі.
«Бұрын оны балалар ғана көретін болса, қазір онда ересек адамдар көп отырады. Себебі онда билікке көңілі толмайтындар жетерлік. Әлбетте, мұндай жағдай билікке ұнай қоймасы анық. Сол себепті тиктоктың жабылуы оларға да тиімді» деп топшылайды блогер.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда провайдерлер 18 сәуірден TikTok сервисін бұғаттай бастаған.