Прокуратура бұдан басқа басқа ақпарат айтпады.
Биыл наурызда Қазақстан Бас прокуратурасы Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы абақтыда азаптауға ұшыраған адамдардың ісі бойынша дәлелдер жинағанын хабарлаған еді.
Алайда қанша күдікті ұсталғаны, жәбірленуші деп танылған адам саны, олардың азаматтығы туралы ештеңе айтпады.
Сәуір айында қырғыз музыканты Викрам Рузахунов Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда азапталғанына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша төрт полицей қамалғанын хабарлады. Бұл істе жәбірленуші деп танылғандардың бірі Азаттыққа сұхбат беріп, қалай азапталғанын айтты.
Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбатында Викрам Рузахунов азаптауға қатысы бар бірнеше адам ғана ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.
Ол фотосуреттерден он шақты полиция қызметкерін танығанын айтты. 2023 жылы оны азаптау фактісі бойынша ашылған іс тоқтаған, Рузахуновтың сөзінше, ол Қаңтар оқиғасы кезінде өзін азаптағандар арасында бетпердесіз болған бірнеше адамды танығанына қарамастан, сол кезде істі жаппақ болған деді.
Іс материалдарына сәйкес, қырғызстандық Викрам Рузахуновтан басқа тағы ондаған адам полициядан зардап шеккен. "Халықаралық құқықтық бастама" қоғамдық қорының жетекшісі Айна Шорманбаева зардап шеккендер арасында Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Өзбекстан азаматтары барын айтты. Сәуір айында "Республика" сайты зардап шеккендердің бірінің сұхбатын жариялады.