Ссылки доступа

Қостанай облысында орыс-қазақ әскерилерінің арасында "жанжал" шықты деген видеоның авторы ұсталды


20 қыркүйекте Қазақстанның Қостанай облысы құқық қорғау қызметкерлері орыс-қазақ шекарашыларының ортасындағы "жанжал" туралы видеоны таратқан жергілікті тұрғынды қамады. Бұл туралы аймақтың полиция қызметі мәлімдеді.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде әскери киім киген адамдар және әскери техника тартылған видео тараған. Онда сөйлеп тұрған адам Ресеймен шектесетін Қостанай облысында ресейлік және қазақстандық әскери қызметкерлердің ортасында жанжал шығып, қазір ол жаққа техника жөнелтіп жатқанын айтқан. Полиция бұл видеоның жасанды екенін айтады.

"Қостанай облысы полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, 52 жастағы Қостанай қаласының тұрғанын ұстап, ол әдейілеп жасаған қылмысын мойнына алды", - деген мәліметте.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі видеоның Ұлттық гвардияның әскери жаттығуға бара жатқандағы түсірілгенін хабарлады.

Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына қарсы сепаратизм баптары бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны көбейді. Украинада соғыс басталғаннан кейін қазақ билігі аймақтағы жікшілдік белгілерін қатаң тексере бастады.

XS
SM
MD
LG