Ссылки доступа

Қазақстандық блогерлерге ақшаға "ДХР" және "ЛХР"-ге баруға ұсыныс жасалған (видео)


Донецкідегі сепаратистер, маусым, 2020 жыл. 
Донецкідегі сепаратистер, маусым, 2020 жыл. 

Қазақстандық блогерлерді өзін өзі жариялаған Украина аумағындағы "ЛХР" және "ДХР"-ге баруға ұсыныс жасалған. Осылай деп белгілі блогер Әлішер Елікбаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Оның көмекшісіне әлеуметтік желілерді жүргізетін ресейлік компания байланысқа шыққан. Оған Украинаның басып алынған аймақтарына блог-тур жүргізуге ұсыныс білдірген. Тасрысып беруші Елікбаевты арнайы ұшақпен жеткізуге уәде берген.

Блогеров зовут за деньги в туры в так называемые "ДНР" и "ЛНР"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00

Осы мазмұндағы хатты Әлішер Елікбаев фейсбук парақшасына жариялады. Тапсырыс беруші ешкімді мақтап-мадақтауды қажеті жоқ, тек жергілікті тұрғындарға қолдау көрсету қажет екенін айтқан.

"Блогер қауіпсіз аймақта, әскерилердің күзетімен жүреді. Блогер қайда барғысы келеді, соның қалауымен жүруге дайынбыз", - делінген хатта.

Елікбаевтың инстаграмдағы бір посты 7 мың доллар тұрады. Ресейлік компания оған өте көп ақша беруге дайын екенін білдірген.

"Олар көп ақша беруге дайын екенін жеткізді. Бірақ біз бірден бас тарттық. Мен және менің командам Украинаны қолдайды", - дейді блогер.

Мұндай ұсыныс тек Әлішер Елікбаевқа ғана емес, бірқатар танымал блогерлерге де жасалынған. Елікбаевтың ойынша, егер тапсырыс беруші қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, көп ақша ұсынса, барушылар табылады.

XS
SM
MD
LG