Аты-жөні аталмаған екі адам "Салғырттықтан екі және одан да көп адам өліміне алып келген өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу" бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Сотталған адамдар жәбірленушілердің қорына жеті миллион теңге (15 860 доллар) төлеп беруге міндеттелген.
Тергеу болжамы бойынша, айыпталушылар – "Семей Орманы" қорығының директоры және оның Новошульбинск филиалының жетекшісі қорық аймағында 2023 жылдың маусым айында шыққан ірі өрт кезінде өзіне жүктелген міндеттерді атқарған емес. Олар өрт кезінде жағдайға тура баға бермей, өрт кезінде техника қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз еткен емес, нәтижесінде 14 адам қаза болған".
2023 жылдың маусым айында "Семей Орманы" қорығында ірі өрт шығып, 14 адам қаза болып, 60 мың гектар тоғай өртеніп кеткен.