Екеуіне де ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздырды деген айып тағылды.
Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың ақпан айында Chatroulette сервисінде "Шығыс Қазақстан облысын Қазақстаннан бөліп алу жөнінде референдум өткізу керек деген пікір жазылған.
Сот процесінде екі адам кінәсін мойындап, өкінетінін білдірген.
Дәл осындай оқиға 2023 жылдың маусым айында болған. Петропавловскіде жергілікті тұрғын аталған сервисте ресейлік азаматтан Солтүстік Қазақстанды "өзіне алып кетуді" сұраған. Ол үш жылға сотталды.
Орал қаласының екі тұрғыны да 2023 жылдың ақпан айында сепаратизм бабы бойынша сотталды.