Ссылки доступа

Самара мен Тольяттиден Оралға баратын жолаушылар автобусы уақытша тоқтады 


Қазақстан мен Ресей 29 қыркүйектен бастап Самара-Орал және Тольятти- Орал бағыты бойынша автобус қатынасын уақытша тоқтатты. Тиісті ақпарат Орал автобекетінің сайтында жарияланды.  

"Мұндай шешім қазақ-орыс шекарасында пайда болған ұзын-сонар кезектен кейін жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қабылданды", - деп жазылған мәлімдемеде.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялағаннан кейін мыңдаған ресейліктер шетелге кете бастаған. 27 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, мобилизация басталғаннан бері Қазақстанға 98 мың орыс азаматы кірген.

Орал қаласы Қазақстанға келіп жатқан орыс азаматтары үшін негізгі кіру бекеттерінің бірі болып қалды. Бұл қалаға Ресейдің үш облысынан – Саратов, Самара және Орынбордан келіп жатыр. Оралға жақын орналасқан шекара бекеттерінің ең ірісі - Сырым. Ол жақта жаңбырға қарамастан, орыс нөмірлері тағылған көліктер бірнеше мың шақырымға созылған кептелісте тұр.

Ресей билігі Астрахан облысының Қазақстанмен шектесетін "Қараөзек" шекара бекетінде мобилизация орнын ашу шешімін қабылдаған. Ол жерден жақын күндері әскерге шақырулар беріле бастайды.

"Он бір сағат жаңбырдың астында тұрдық". Оралға келіп жатқан ресейліктер жөнінде арнайы репортаж:

XS
SM
MD
LG