Ссылки доступа

Аргентина вице-президенті Кристина Киршнерге қарулы шабуыл жасалды


Аргентинаның бұрынғы президенті, қазіргі вице-президент Кристина Киршнерді тапаншамен атып өлтіргісі келген адам ұсталды, деп хабарлады Reuters. Саясаткер зардап шекпеді.

Шабуыл 1 қыркүйекте кешке вице-президенттің Буэнос-Айрестегі үйінің маңында жасалған. Жақтастарымен әңгімелесіп тұрған Киршнерге бір ер азамат тапанша кезеп, шүріппені басқан, бірақ оқ атылмай қалған, деп хабарлады Todo Noticias телеарнасы.

Қауіпсіздік қызметінің өкілдері шабуылдаған адам ұстап, тапаншасын тәркіледі.

Аргентина президенті Альберто Фернандестің айтуынша, тапаншада бес оқ болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, вице-президентке Бразилияның 35 жастағы азаматы Фернандо Андреса Сабаг Монтьеля шабуылдаған. Оның Bersa Thunder 380 тапаншасы болған.

Киршнер Аргентина президенті қызметін 2007-2015 жылдары атқарды. Аргентинада Киршнерді жемқорлық жасады деп айыптап жатыр. Прокурор соттан саясаткерді 12 жылға соттап, 1 млрд доллар айыппұл белгілеуін, сонымен бірге мемлекеттік қызметпен шұғылдануға тыйым салуын сұраған.

XS
SM
MD
LG