Ссылки доступа

Солтүстік Корея ядролық қаруы бар суасты катерін сынады


КХДР ядролық қару алып жүре алатын суасты кемесін сынағанын жариялады. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның "Ренхап" агенттігі хабарлады.

"Корея дауысы" таратқан мәліметке қарағанда, 21-23 аралығында өткен сынаққа КХДР басшысы Ким Чен Ын қатысқан. Әскери жаттығу Оңтүстік Хамген провинциясындағы Ривон уезінің жағалауларында ұйымдастырылған. 23 наурызда нысан діттеген жерге - Хонвон шығанатындағы "жау портына" жеткен.

Солтүстік Корея "ядролық қаруы бар қашықтан басқарылатын катерді" "Хэир" деп атаған. Басылым мәліметінше, әскери қимыл кезінде қару "су астында жасырын жүзіп, су астында жарылған уақытта радиоактивті цунами туғызып, жау портындағы кемелерді жоя алады".

18-19 наурыз аралығында КХДР билігі ядролық қарымта соққы жасау әдісін пысықтап, тактикалық баллистикалық зымыран ұшырған.

Бұның алдында АҚШ пен Оңтүстік Корея күштері Freedom Shield деп аталатын бірлескен әскери жаттығу өткізген. Сеулдің мәлімдеуінше, жаттығу қорғаныс сипатына ие. Онда Оңтүстік Кореяның Солтүстік Корея тарапынан болуы мүмкін шабуылдан қорғану әдістері пысықталған.

2022 жылы КХДР 37 мәрте зымыран сынап, түрлі қашықтыққа ұшатын шамамен 70 зымыран ұшырған. Солтүстік Корея осы оқулар кезінде зымырандарын Жапония мен Оңтүстік Кореяға қарай бағыттаған.

XS
SM
MD
LG