Ссылки доступа

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы екі зымыран ұшырды


Ким Чен Ын зымырандарға қарап тұр (мұрағаттағы сурет)
Ким Чен Ын зымырандарға қарап тұр (мұрағаттағы сурет)

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы зымыран атты. Бұл туралы Оңтүстік Корея әскерилері мен Жапония премьері Фумио Кисиду хабарлады.

Сеул мәліметінше, Солтүстік Корея аумағынан қысқа қашықтыққа ұшатын екі зымыран ұшырылған, деп хабарлады "Рёнхап" агенттігі.

NHK жапон телеарнасы Жапония үкіметі зымыран сынағы туралы мәлімет жинап жатыр деп хабарлады. Зымырандар шамамен 620 шақырымға ұшқан. Әзірге бұдан басқа мәлімет жоқ.

Солтүстік Корея осы зымырандарды сынардан бір күн бұрын Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен әскери оқулар бастаған. Соңғы рет КХДР 12 наурызда зымыран ұшырған. Жыл басынан бері Пхеньян алты мәрте зымыран сынады.

2022 жылы КХДР 37 мәрте сынақ өткізіп, түрлі қашықтыққа ұшатын 70-ке жуық зымыран ұшырған. Осы оқулар кезінде Солтүстік Корея зымырандарын Жапония мен Оңтүстік Кореяға қарай ұшырып отырған.

XS
SM
MD
LG