Ссылки доступа

КХДР Оңтүстік Кореяға қарай қоқыс байланған 150 шар ұшырды

Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасы
Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасы

Солтүстік Корея қоқыс байланған 150-ден астам шарды шекарадан Оңтүстік Кореяға қарай ұшырып жіберді. Бұл туралы "Рёнхап" агенттігі әскерилердің мәлімдемелеріне сүйене отырып хабарлады.

Билік шекара маңындағы аудандардың тұрғындарын сақ болуға шақырған. Бұған қоса, билік тұрғындарға беймәлім нысандар туралы жақын маңдағы әскери базаға немесе полицияға хабарлауға кеңес берген.

Алдын шарларда үгіт-насихат қағаздары болуы мүмкін деген болжам жасалған, бірақ жергілікті ақпарат құралдары оған қоқыс байланғанын хабарлап отыр.

Оңтүстік Корея белсенділері кейде Ким Чен Ын саясатын сынайтын мәлімдемелер жазылған қағаздар қыстырылған шарларды Солтүстікке қарай ұшырып тұрады.

26 мамырда Пхеньян Оңтүстік Кореяның «қағаздар мен басқа да қоқыс» жолдауына қарсы әрекетке баруы мүмкін екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG