Ссылки доступа

Комиде жолаушы пойызының вагондары жолдан шығып кетіп, кем дегенде 70 адам зардап шекті


"Инта" станциясы маңындағы апат
"Инта" станциясы маңындағы апат

Ресейдің Коми республикасында «Воркута – Новороссийск» бағытында қатынайтын №511 жолаушы пойызының тоғыз вагоны жолдан шығып кетті.

ТАСС агенттігі кем дегенде 70 адам зардап шеккенін жазды. Пойызға барлығы 14 вагон тіркелген. Оларда 232 жолаушы болған.

«Инта» округы билігінің хабарлауынша, пойыз «Инта» станциясынан шыққаннан кейін бірнеше минуттан кейін апатқа ұшыраған.

Тергеу комитеті пойыздағы жолаушылардың бәрі аман екенін мәлімдеді. Shot телеграм-арнасы алты жолаушы ауыр жараланғанын, оларды аударылып қалған вагоннан шығара алмай жатқанын жазды.

Жолаушы пойызының апатқа ұшырауына темір жолды топырақ басып қалуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Mash. «Интерфакс» дерегінше, пойыз жүргізуші темір жол жағдайының мәз еместігін көріп, тежегішті басқан болуы мүмкін.

Аймақта барлық пойыз тоқтап тұр. Ресей тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG