Қысқарту туралы шешім экономикадағы тұрақсыздық пен кейінгі екі жылда көп қызметкер қабылдануына байланысты қабылданған. Amazon бас директоры Энди Джессидің хабарлауынша, негізінен сауда және маман жалдау бөліміндегілер қысқарады. Қысқарған адамдар өтемақы алады. Компания оларды басқа жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
Amazon COVID-19 індеті кезінде көп жұмысшы қабылдады. 2022 жылғы қыркүйекте компанияда бір жарым миллион адам болды, олардың дені компания қоймаларында жұмыс істеді.
2022 жылы Amazon компаниясының өсімі баяулады. Былтыр үшінші тоқсанда компания табысы 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға кеміді. Қарашада Amazon акциялары коронавирус індеті басталған уақыттағы көрсеткішке дейін құлдырады.