Шамамен 45 миллиард доллар Украинаға және АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарына көмектесуге бөлінеді. Қаражаттың 9 миллиарды украин әскерінің түрлі қажетіне аударылады, 13 миллиарды Украинаға экономикалық қолдау көрсетуге кетеді. Тағы 12 миллиард доллар тікелей Киевке емес, Құрама Штаттардың бұның алдында Украинаға берген қару-жарақтары қорын толықтыруға жұмсалады. Қалған қаражат АҚШ-тың Еуропадағы әскери қолбасшылығын қаржыландыруға және гуманитарлық бағдарламаларға аударылады.
Қаржылай көмек беруді Конгрестен Украина президенті Владимир Зеленский де сұраған. Ол жақында Вашингтонға барып, америкалық заң шығарушылар алдында сөз сөйлеген.
Өкілдер палатасындағы республикашылдардың дені оны қаңтарға қалтыруды сұрағанына қарамастан, құжат осы жолы қабылдануы мүмкін. Қаңтарда Конгрестің төменгі палатасында республикашылдар басым дауысқа ие болады.
Конгрестің қос палатасы осы аптада Украинадағы соғысқай қатысы бар тағы бір құжат қабылдады. АҚШ әділет министрлігі соның негізінде, қылмыс қай жерде тіркелгеніне қарамастан, кез келген адамға әскери қылмысы үшін айып таға алады. Құжат президент Джо Байденге қол қоюға жолданды. Байдан әкімшілігі, Конгресс мүшелері де бұның алдында Ресейді Украинадағы әскери қылмыстары үшін бірнеше мәрте айыптаған.