Ссылки доступа

Қылмыстық іске қатысы бар деген күдікке ілінген Ксения Собчак Ресейден кетті 


Ресейлік журналист әрі медиаменеджер, 2018 жылғы президент сайлауында үміткер болған Ксения Собчак қылмыстық іске қатысы бар деген күдікке ілінді. Ол Ресейден қашып үлгерген. Осылай деп ТАСС және "База" дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. 

Бұл іс бойынша Собчактың коммерциялық директоры Кирилл Суханов пен Tatler басылымының бұрынғы бас редакторы Ариан Романовский ұсталып, тергеліп жатыр. Тергеу ісі олар Ростех басшысы Сергей Чемезовтан 11 миллион рубль бопсалаған. ТАСС мәліметінше, Суханов кінәсін жартылай мойындауға дайын екенін жеткізген. Сот шешіміне сәйкес, ол екі айға қамауға алынған.

Ксения Собчак 26 қазанға қараған түні Минск арқылы Литваға өткен. Оны Мәскеу әуежайынан ұстауға дайындалған екен.

Кейін белгілі болғандай Собчакқа қарсы бопсалады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл жөнінде ТАСС дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Собчак әзірге бұл іске қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.

Тергеу ісі мәліметінше, "Тушите свет" телеграм-каналынан Чемезов жайлы ақпаратты алып тастау үшін, одан 11 миллион рубль талап еткен. Суханов 800 мың рубль алып жатқан жерінен ұсталған.

Собчактың Мәскеу түбіндегі зәулік сарайына тінту жүргізілген.

Бопсалау айыбы бойынша кінәлі деп танылғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Собчактың "Осторожно, новости" телеграм-каналы және "Осторожно, Собчак" ютуб каналы бар.

Собчак Ресей президенті Владимир Путинді бала кезден біледі. Путин оның әкесі Санкт-Петербургтің мэрі болған Анатолий Собчактың көмекшісі болған. Анасы Людмила Нарусова Тувадан сайланған сенатор. Собчак көктемде Израиль төлқұжатын алды деген ақпарат тараған.

XS
SM
MD
LG