Ссылки доступа

Бішкек соты "Азаттык Медианың" есеп-шотын бұғаттауға байланысты шағымын қараудан бас тартты 


Бішкек әкімшілік соты "Азаттык Медианың" Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және қаржылық барлау қызметіне қарсы шағымын қараудан бас тартқан. Бұл жөнінде адвокат Нұрбек Сыдыков хабарлады. 

"Азаттык Медиа" банк есеп-шотының бұғатталуына байланысты былтыр 27 қазан - 28 желтоқсан аралығында ақшаны қолдана алмаған. Нәтижесінде компания салықты уақытында төлемегендіктен, мемлекетке 100 мың сом көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

7 наурызда Бішкек әкімшілік соты Азаттықтың қырғыз қызметінің сайтын бұғаттауды заңсыз деп тану жөніндегі өтінішті қараудан бас тартқан.

Азаттық мәліметінше, мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Настоящее время арнасындағы қырғыз-тәжік шекарасына байланысты сюжетті теңгерімді деп таныған, бірақ тәжік тарапқа қарай бұрып кеткен деген.

Мәдениет министрлігі сайтта материал жойылмайынша, Азаттық бұғаттаулы күйінде қала беретінін мәлімдеген.

Азаттық сайты былтыр 26 қазаннан бері бұғаттаулы.

XS
SM
MD
LG