Журналистер мәліметінше, Қырғызстанда майнинг фермалар өте көп. Алайда елде екі майнинг компаниясы ғана мемлекеттік тіркеуде тұр. Олар: "Соларкоин" және "ВиНЭТ".
"ВиНЭТ" кәсіпкер, Жогорку Кеңеш экс-депутаты Рахатбек Ирсәлиевке тиесілі. Ирсәлиевтің бірнеше шағын жекеменшік ГЭС-і бар. Қырғызстанда жекеменшік электр станциялары барларға майнинг қолдануға рұқсат етілген.
Ал "Соларкоин" болса, Kloop мәліметінше, электр қуатын "Қырғызстан ұлттық электр желісінен" тікелей сатып алады. Дегенмен билік 2019 жылы мемлекеттік электр желісінен қуатты майнинг үшін қолдануға тыйым салған.
2023 жылғы мамырда "Соларкоин" компаниясы елдегі ірі электр қуатын пайданалушы тізімінде екінші орын алды. Мұндай жағдай елде электр қуаты жетіспей жатқан уақытта болып отыр деп жазды тәуелсіз басылым. Kloop бұл компанияның артында билік адамдары тұрғанын анықтаған.