Ссылки доступа

Қырғызстан Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және бес ел азаматтарын тіркеу ережесін күшейтті


Қырғызстан Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь, Грузия, Әзербайжан және Молдова елдері азаматтарын тіркеу ережесін күшейтті.

Цифрлық даму министрлігі мәліметінше, 5 қыркүйектен бастап үкімет қаулысы күшіне енді.

Қазір жоғарыда аталған елдердің азаматтары Қырғызстанда 180 күн аралықта 90 күн бола алады. 90 күн өткеннен кейін сегіз елдің азаматтары Қырғызстаннан шығып кетеді болмаса тіркеуді созу жөнінде өтініш беріп келген.

Енді үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, шетел азаматтарын тек уақытша тұруға куәлігі болған кезде ғана тіркеуді ұзарта алады.

XS
SM
MD
LG