Ссылки доступа

Нұр-Сұлтанда қоғам белсенділері референдумға бойкот жариялауға шақырды (видео)


В Казахстане призывают к бойкоту референдума по Конституции: людям не объясняют, за что они голосуют
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

30 мамырда Нұр-Сұлтанда тіркелмеген “Наше право” партиясының кеңсесінде бір топ белсенді баспасөз жиынын өткізіп, халықты 5 маусымда өтетін референдумға бармауға шақырды.

Олар биліктен "халықтың ақшасын босқа шашып, жалған референдум өткізуді тоқтатуды" талап етті.

Жиынға қатысушылардың бірі, тарихшы Жұмамұрат Шәмші Қазақстан конституциясына тәуелсіздік алғалы бері 1100 өзгеріс енгізілгенін айтып, оны АҚШ конституциясымен салыстырды.

- Конституциямыз бірнеше рет өзгеріп, қырық жамау болды. Мұндай конституцияның керегі жоқ. Референдумға бойкот жариялаймыз, бізге 1993 жылғы конституцияны қайтарып берсін,- дейді ол.

Қазақстан алғашқы конституциясын 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаған. Оны сарапшылар 1995 жылы қабылданған қазіргі конституциямен салыстырғанда демократиялық ұстанымдарға жақын конституция болды деп санайды.

Жұмамұрат Шәмшінің сөзін жиынға қатысқан басқа белсенділер де қолдады. Азаматтық белсенді Ғабиден Әліпбай өзінің референдумға барғанымен не үшін “иә” немесе не үшін “жоқ” деуге тиіс екенін білмейтінін айтты. Оның сөзінше, референдумға енгізілетін өзгерістер өте көп және дауыс берушілер өзгерістердің бірін қолдаса, екіншісі қолдамауы мүмкін.

Тағы бір азаматтық белсенді Қайырлы Омар халықты “егер ешнәрсе түсінбесе,бармауға” шақырды.

- Егер біз ешнәрсе түсінбей-ақ референдумға барсақ, билікке көмектескеніміз болып шығады. Неге билік референдумды халықтың ортасында жүрген белсенділер талқылауына салмады? Супер президенттік жүйені тоқтатамыз деп халықты алдап отыр. Шын мәнінде бұрынғыша қала береді, - деді ол.

5 маусымда Қазақстан конституциясына енгізілетін өзгерістер бүкілхалықтық референдумға шығарылады. Көптеген сарапшылар "референдум мәселесі қоғамда жеткілікті талқыланбады, билік өзіне ыңғайлы нұсқаны жасады" деп сынайды, Қазақстан билігі “конституцияға референдум арқылы енетін өзгерістер саяси реформаның бастауы” деп есептейді.

Жаңа өзгерістерде конституциядан Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі алынады. Алайда президенттік басқару жүйесінде айтарлықтай өзгеріс болмайды.

XS
SM
MD
LG