Мадоннаның денсаулығы жайында оның менеджері Гай Осири Инстаграм парақшасына жазған. Ауыр науқасына байланысты әлемдік турнирін кейінге шегергенін хабарлаған.
Page Six порталының жазуынша, Мадоннаны өткен сенбіде ессіз күйінде Нью-Йорк ауруханасына жеткізген.
Мадонна музыкалық мансабының 40 жылдығына байланысты әлемдік турнирге шығып, Канада, АҚШ және Еуропаның 35 қаласында 84 концерт өткізуді жоспарлаған. Сапары 2024 жылдың қаңтар айында аяқталуы тиіс болған.