Ссылки доступа

Макрон: Украинаға тез арада Еуропалық одаққа үміткер мәртебесі керек  


ЕО-ға мүше төрт елдің лидері Владимир Зеленскиймен кездесу кезінде, Киев, 16 маусым, 2022 жыл. 
ЕО-ға мүше төрт елдің лидері Владимир Зеленскиймен кездесу кезінде, Киев, 16 маусым, 2022 жыл. 

16 маусымда Киевке барған Франция, Германия, Италия және Румыния лидерлері Украинаға тез арада Еуропа одағына (ЕО) үміткер мәртебесін беру идеясын қолдады. Бұл туралы Киевте өткен баспасөз мәслихаты кезінде Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді.

"Біз төртеуміз де тең Украинаға Еуроодаққа мүше болуға үміткер мәртебесін тез арада беруді қолдаймыз", – деді Макрон. Ол сонымен бірге Франция Украинаға қару-жарақты жеткізуді күшейтетінін растады.

Италия премьер-министрі Марио Драги Украинаны Еуроодақтың құрамында көргісі келетінін айтты. Ол баспасөз жиынында украин жерінде болған әскери қылмыстарды зерттеуді де толық қолдайтынын мәлімдеді.

Германия канцлері Олаф Шольц Берлин Украинаға қаншалықты көмек қажет болса, соншалықты жәрдем беретінін айтты. Ол осы күнге дейін Германия 800 мыңға жуық украин босқынын қабылдағанын, бұдан бөлек Украинаға қаржылық және әскери көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.

Еуропа лидерлері Киевке келіп, орыс армиясы талқылаған Ирпень қаласында болып, ондағы жағдайды көзімен көріп қайтты.

Франция, Германия және Италия Еуропалық одақтың қуатты экономикаға ие елдері болып саналады. Румыния да бұл ұйымға мүше.

XS
SM
MD
LG