Ссылки доступа

Eurasianet.org: Өзбекстан премьер-министрі Қытайдан құр қол қайтты


Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов Шыңжаң басшысы Ма Синьцзюмен кездесті. Қытай, Қашғар. 1 наурыз 2024 ж.
Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов Шыңжаң басшысы Ма Синьцзюмен кездесті. Қытай, Қашғар. 1 наурыз 2024 ж.

Eurasianet.org мәліметінше, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов бастаған үкімет делегациясы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қытайда болып, жаңа инвестициялық келісім жасай алмай қайтқан.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сапар мақсаты – екі ел арасында сауда мен инвестицияны арттыру.

Өзбекстан премьер-министрі Қытайдың Шыңжаң өңіріне алғаш рет сапарлады. Бұл өңірде мұсылман ұйғырлар тұрады. Өзбекстан Қытайдың ұйғырлар мен басқа да аз ұлттарға қатысты саясатын қолдайды. Ресми Ташкент бұрын Қытайға кем дегенде бір ұйғыр белсендісін ұстап бергені мәлім.

Ташкент пен Гуанчжоудағы инвестициялық форумдар өзбек баспасөзінде көп жазылғанымен, оның қаншалықты жемісті болғаны туралы ешқандай мәлімет тарамады.

Eurasianet мәліметінше, Қытайдың бұрынғы совет елдеріне салған инвестициясының көлемі 80 миллиард доллар болған.

Жеті жарым жылда Қазақстан Қытайдың Еуразияға салған инвестициясының 52 пайызын (шамамен 41,9 млрд доллар), ал Ресей шамамен 24 пайызын (19,2 млрд доллар) игерген.

Инвестицияның басым бөлігі мұнай-газ секторына салынған.

XS
SM
MD
LG