Аптап ыстықтан қайтыс болғандар арасында Египеттің кем дегенде 658, Үндістанның 68, Иорданияның 60, Пәкістанның 35, Тунистің 35 азаматы бар. Тәжікстанның үш азаматы да қажылық сапар кезінде қайтыс болған. ТАСС агенттігі Ресейдің бес азаматы Сауд Арабиясында өлгенін хабарлады.
AFP мәліметінше, қайтыс болғандардың жартысынан астамы ресми тіркеуден өтпей, өз бетімен қажылық сапарға барған. Олардың көбісі тұратын бөлмелерде желдеткіш жоқ, медициналық көмек ала алмайды.
Меккеге әлемнің 22 елінен 1,5 млн адам қажылыққа барған. 17 маусымда Меккедегі Үлкен мешітте ауа температурасы 51,8 градусқа дейін көтерілген.
Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттер мен видеоларға қарағанда, адамдардың мәйіттері көшелерде шашылып жатыр. Бұның алдында елдің денсаулық сақтау министрлігі екі мыңнан астам адам басынан күн өтіп, ауруханаға түскенін хабарлаған.