Ссылки доступа

Күзде Навальныйдың мемуар кітабы жарық көреді


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Алексей Навальныйдың Ресейдегі оппозициялық қызметі туралы 2020 жылы Германияда жаза бастаған мемуары 2024 жылдың күзінде АҚШ-та жарық көреді. Бұл туралы The New York Times газеті Knopf баспа үйіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Навальныйдың "Патриот" атты кітабы алғаш 500 мың данамен 11 тілде, оның ішінде орыс тілінде басылып шығады.

Саясаткердің кітабында оның балалық шағы, отбасы, саяси карьерасы, өзіне және жақындарына болған шабуылдар жөнінде баяндалады.

Knopf атап өткендей, кітапты Навальный өзі жазып, бірқатар бөлімдерін әріптестеріне айтып беріп жаздырған.

Мемуардың көпшілік бөлігін саясаткер Германияда, "Новичокпен" уланғаннан кейін емделіп жатқан кезде жазған.

Қазір оның әйелі Юлия Навальная кітапты аяқтап, баспаға дайындап жатыр.

Навальный Германиядан емделіп, отанына оралған кезде, үш жыл бұрын қамалып, биыл 16 ақпанда белгісіз жағдайда қаза болды.

XS
SM
MD
LG