Ссылки доступа

Meta компаниясы Threads әлеуметтік желісін іске қосты


Threads
Threads

Америкалық Meta компаниясы Threads әлеуметтік желісін іске қосты. Ол Twitter-ге ұқсайды.

Meta бас директоры Марк Цукербергтің айтуынша, әлеуметтік желі жұмысы басталған алғашқы бірнеше сағатта бес миллионнан астам адам тіркелді. Threads-ке кіру үшін Instagram аккаунты қажет. Жаңа әлеуметтік желіде инстаграмда жазылған адамдарыңыз да сақталады.

Meta компаниясының мәлімдеуінше, Threads әлеуметтік желісі аккаунттарды басқа бір қосымшаға көшіре алатын технология қолданады. Осылайша "әлеуметтік желілердің жаңа заманы басталады" деп хабарлады компания.

Threads әлеуметтік желісінде 500 белгіден аспайтын жазба, бес минуттық видео жариялауға болады. Қазір қосымша Apple мен Google дүкендерінде бар.

Threads нарыққа Twitter басшылығы түрлі даулы қадамдар жасап жатқан уақытта шықты. Твиттер өткен аптада көруге болатын твиттер санын шектеген. Бұның алдында Twitter қожайыны Илон Маск пропагандамен күрес жөніндегі мамандарды жұмыстан шығарған.

XS
SM
MD
LG