Ссылки доступа

Ресейдің Краснояр өлкесінде мигранттарға таксиде істеуге тыйым салынды


Ресейдің Краснояр өлкесінің билігі шетел азаматтарына таксиде, сонымен бірге темекі мен алкоголь сататын арнайы дүкендерде жұмыс істеуге тыйым салынды.

Заң 2025 жылғы 1 наурызда күшіне енеді. Өлке билігі жұмыс берушілерге дайындалуға уақыт бөліп отыр.

Бұл туралы өлке басшысы Михаил Котюков хабарлады. Алайда ол мұндай шешім себебін түсіндірмеді. Ол осындай шектеу басқа да салаларға тарауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Осыған дейін Ресейдің 14 өңірі мигранттар жұмысын шектеген. Оларға 20 салада жұмыс істеуге тыйым салынған.

2023 жылғы қазанда мемлекеттік думаға шетел азаматтарына мектепте, фармацетика саласында, медициналық мекемелерде, такси және логистика саласында жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынатын заң жобасы түскен.

«Крокус Сити Холл» концерт залына жасалған шабуылдан кейін Тәжікстанның бірнеше азаматына айып тағылып, Ресейде мигранттарға қатысты ксенофобия күшейген.

XS
SM
MD
LG