Ссылки доступа

Сібірдің екі аймағында мигранттарға таксист болып жұмыс істеуге тыйым салынды


Новосибирск облысында еңбек мигранттарына таксист, ішімдік және темекі сатушы болып істеуге тыйым салынды.

Губернатор Андрей Травниковтың 15 сәуірде қол қойған жарлығына сәйкес, бұл аймақтарда істеп жатқан компаниялар шетел жұмысшыларының санын беруге тиіс. Бұл "ұлттық қауіпсіздікті, Новосибирск халқының бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында" жасалып жатыр.

16 сәуірден бастап Камчатка аймағының губернаторы Владимир Солодов патентпен жұмыс істейтін мигранттарға таксист болып істеуге тыйым салды.

2023 жылдың қазан айында Мемлекеттік думаға шетелдік азаматтарға мектептерде, фармацевтика саласында, мемлекеттік медициналық мекемелерде, такси және жүк тасуда істеуге тыйым салуды ұсынған заң жобасы енгізілген.

2023 жылы қарашада Мемлекеттік дума вице-спикері Петр Толстой мигранттарға курьер, таксист және сатушы болып істеуге тыйым салуды ұсынған.

"Крокус Сити Холлдағы" терактіден кейін Ресейде мигранттарға қарсы ксенофобия күшейді.

XS
SM
MD
LG