Ссылки доступа

Собянин еңбек мигранттары орталығын әскерге аттандыратын мекемеге айналдыруды ұсынды 


Таяу күндері "Сахарово" миграциялық орталығы Ресей армиясына шетелдіктерді қабылдайтын мекемеге айналады деп мәлімдеді Мәскеу мэрі Сергей Собянин.

Оның сөзінше, Мемлекеттік дума қабылдаған заңға сәйкес, Ресей армиясымен бір жылға келісімге келіп, әскери қызметін өтеген шетелдіктер еш кедергісіз орыс азаматтығын ала алады.

"Қала қызметі азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасайды", - деді Собянин.

Осының алдында MediaHub журналистік зерттеу орталығы өзбек және қырғыз азаматтарын "ЧВК Вагнер" жеке әскери компания арқылы Украинадағы соғысқа тартып жүрген мәліметтерді жариялаған. Онда шетелдік азаматтарға ай сайын 240 мың рубль сыйақы төленетіні айтылған.

Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметінше, Ресейде Орталық Азиядан төрт миллионға жуық мигрант жұмыс істейді.

24 ақпанға дейін Ресей азаматтығын алғысы келген мигранттар саны көп болса, қазір олардың саны бірден қысқарды.

XS
SM
MD
LG