"Бес шақырымға созылатын орталық жолды жөндеу бастамасын жергілікті үш кәсіпкер көтерді. Оларды мигранттар қолдады. Жалпы 2 миллион сомони немесе 188 мың доллар жинап берді", - жергілікті тұрғындардың бірі Рахматулло Ёров.
Бұл тұрғындар бірігіп жүзеге асырған бірінші жоба емес. Соңғы кездері ауыл қарияларын қажылыққа жіберу, той өткізіп беру секілді шараларда біріге бастады.
Қазір балалар ауруханасын салуға ниеттеніп жатыр.
Соғды облысы Деваштич ауданында орналасқан Басманда ауылында 10 мыңнан астам адам тұрады. Бірақ олардың тең жартысы басқа елдерде еңбек миграциясында жүр.
Бұл ауыл негізінен мал шаруасымен айналысады.