Ссылки доступа

Мәскеу: Мигранттардың орыс тілін білмейтін балалары мектепке қабылданбауы тиіс 


Ресей президенті жанындағы Адам құқықтары және азаматтық қоғамды дамыту кеңесінің төрағасы Валерий Фадеев мигранттардың орыс тілін білмейтін балалары мектепке қабылданбауы керек деп мәлімдеді. 

Оның бұл мәлімдемесі Адам құқықтары жөніндегі кеңестің телеграм-каналында жарияланды. Ол бұл сөздерін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде айтқан. Оған жауап ретінде Путин "Ресейге жұмыс істеуге келетін адамдар біздің дәстүрімізді, тілімізді және заңдарымызды құрметтеуі тиіс" деген.

Фадеев орыс тілін білмейтін мигранттардың балалары мектепте сыныптастарына кері әсерін тигізеді деп есептейді.

"Орыс балалары ғана емес, келгендердің өзі зардап шегеді. Егер олар ешнәрсе түсінбесе, қандай білім процесі жөнінде айтуға болады? Орыс тілін білмейтін балалар бір жылдық орыс тілін үйрену курсына барып, содан кейін мектепке баруға рұқсат беруі тиіс", - деді ол.

Ресей президенті әкімшілігінің мәліметінше, 800 мың мигрант баланың тек 140-ы ғана Ресейдің орта мектептерінде оқиды.

Өткен оқу жылы кезінде Ресейдің ағарту ісі жөніндегі министрі Сергей Кравцов мигранттардың балаларына арналған білім беру бағдарламасы әзірленеді деген. Ол бағдарлама 2022 жылдың жаңа оқу жылында дайын болатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG