Ссылки доступа

Мәскеуде өзбек, тәжік және қырғыз тілдерінде әскерге шақырылған жарнамалар жарияланды 


"Сахарово" миграция орталығы, архив

Мәскеудің оңтүстігінде орналасқан, ІІМ құрылымына кіретін "Сахарово" миграция орталығы әскерге қызмет ету туралы жарнаманы қоғамдық көліктерге тәжік, өзбек және қырғыз тілдерінде ілген. 

Онда армияға барған еңбек мигранттарына бірден Ресей азаматтығы берілетіні айтылған.

Бұл жарнаманың суреті әлеуметтік желілерде желтоқсан айынан бері пайда болды. Мәскеу қаласы көлік қызметі бұл ақпарат соңғы екі айдан бері қоғамдық көліктерге ілінгенін растап, бұл миграция қызметінің тапсырысы екенін айтқан.

Биыл күзде Ресей думасы армияға баратын шетел азаматтарына жеңілдетілген түрде азаматтық беру жөнінде заң қабылдаған. Бұл Украинада соғыс жүріп жатқан кезеңмен сәйкес келіп тұр.

Күзде Мәскеу мэрі Сергей Собянин "Сахарово" орталығында әскерге барғысы келетін мигранттарды қабылдайтын орталық ашатынын мәлімдеген.

Өзбекстан, Тәжікстанның Ресейдегі елшіліктері шетел аумағында жүріп жатқан соғыс әрекеттеріне қатысқан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG