Ссылки доступа

"Новая газетаның" Шешенстанда соққыға жығылған журналисі Елена Милашина ауруханадан шықты (видео)


Елена Милашина

"Новая газета" журналисі Елена Милашина ауруханадан шықты. Бұл туралы журналист Алексей Венедиктов телеграм-арнасында хабарлады. Жақында белгісіз біреулер Елена Милашинаны адвокат Александр Немовпен бірге Шешенстанда соққыға жыққан.

Венедиктовтың хабарлауынша, Милашина дәрігерлер бақылауында болады.

"Новая газета" мәліметінше, 5 шілдеде Милашина мәскеулік клиникада тексерілген. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын, қолының 14 жері сынғанын, денесінің бірнеше жері жараланғанын анықтаған.

Милашина мен Немов Грозныйға 4 шілдеде ұшып келген. Олар шешен белсенділерінің анасы Зарема Мұсаеваның сотына қатысуды көздеген.

Ертесіне Ресей тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров шабуыл туралы сейсенбі күні кешке ғана мәлімдеме жасады, бірақ жәбірленушілердің аты-жөнін атамады. "Анықтаймыз. Құзырлы қызметтерге шабуылдаушыларды табуға тапсырма бердім" деген Қадыров. Бірақ қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағаны әлі күнге дейін белгісіз.

XS
SM
MD
LG