Ссылки доступа

Қазақстанда ең төменгі жалақы 130 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін


Қазақстан Ең төменгі жалақыны белгілеу жөніндегі конвенцияны ратификациялағалы жатыр. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды.

Егер құжат мақұлданса, елде ең төменгі еңбекақының көлемі өмір сүру минимумы бойынша емес, медианалық табыс бойынша есептеліп, 130 мың теңгені (270 доллардан асады) құрауы мүмкін.

Қазақстанда соңғы рет төменгі жалақы биыл қаңтарда 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін өскен.

Қазақстан Төменгі еңбекақыны белгілеу жөніндегі конвенцияны ратификациялаған Армения мен Әзербайжаннан кейінгі ТМД-дағы үшінші ел болуы мүмкін.

Конвенцияны ратификациялау – төменгі еңбекақы мөлшерін белгілеу бойынша халықаралық талаптарды кіргізуді қамтамасыз етеді және Қазақстанның бұған қатысты халықаралық талаптарын сақтау ниетін растайды.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес, ең төменгі еңбекақы медианалық еңбекақының 50% құрауы керек.

Ресми ақпараттарға сәйкес, соңғы он жылда қазақстандықтардың орташа еңбекақысы үш еседен көп өскен.

XS
SM
MD
LG