Ссылки доступа

Израильдің қорғаныс министрі отставкаға кетті 


Израильде сот реформасына қарсы басталған жаппай наразылық акциясы жалғасып жатыр. Демонстранттар жаңа реформа демократияға қайшы келетінін айтады. 

Жексенбіде Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галант реформаны қабылдауды тоқтатуды ұсынды. Ол елдің қауіпсіздігіне үрей туғызатын ахуал туғанын айтты.

Галант бұл реформаны кемінде бірнеше айға тоқтата тұруды ұсынып, елдің армиясы мен қауіпсіздік қызметтерінде де наразылық бар екенін мәлімдеді. Оны оппозиция лидері, Израильдің бұрынғы премьер-министрі Яир Лапид та қолдады.

Бұған жауап ретінде Изарильдің премьер-минстрі Биньямин Нетаньяху Галантты қызметінен алды. Бұл туралы жексенбі күні The Jerusalem Post басылымы жазды.

Биньямин Нетаньяху үкіметі ұсынған сот реформасына сәйкес, Жоғарғы сот судьяларын іс жүзінде парламенттік көпшілік анықтайды. Бұдан бөлек сот үкімет шешімдерін жою құқығынан айырылады. Парламент заң жобасын келесі аптада дауысқа қояды.

XS
SM
MD
LG