Ссылки доступа

Ресей Киевтегі британ кеңесшілеріне сес көрсетті


Посольство Великобритании в Киеве, январь 2022 года

Ресей қорғаныс министрлігі бритен кеңесшілерінің арандатуымен Украина федерация аумағына шабуылдаса, "Киевтегі шешім қабылдау орталықтарына" соққы жасалады деп қорқытты.

Бұның алдында Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи Украинаның батыс қаруымен Ресейдің әскери нысандарын атқылау мүмкіндігі "заңды" деп мәлімдеген.

Ағылшын шенеунігінің пікірінше, шабуыл нысандарын қару өндірушілер мен оны жеткізушілер емес, украиндардың өздері анықтайды.

Осы тұрғыдан алғанда, Ресейдің Батыс Украинадағы әскери нысандарды атқылауы заңды деп есептеледі. "Бұл да соғыстың бір бөлігі", - деді Хиппи.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл мәлімдемені арандату деп қабылдап, Киев осындай қадамға барса, мұндай соққыларды өзі де жасайтынын ескертті.

"Ресей қарулы күштері Киевтегі осы тәріздес шешім қабылдау орталықтарын атқылауға жарайтын ұзақ қашыққа арналған қару қолдануға дайын", - деп жауап берді министрлік. Ресей мұндай орталықтарда батыс елдерінің кеңесшілері жұмыс істейді деп есептейді.

Мәскеу Киевтегі "шешім қабылдау орталықтарын" атқылауы мүмкін екенін бұған дейін де ескерткен. Мұндай орталықтарда шетел кеңесшілері бар-жоғы беймәлім.

АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Германия және басқа да елдер Украинаға қару-жарақ жеткізіп, оның қорғаныс саласына қажетті басқа да көмек беріп отыр. Украина президенті Владимир Зеленский мұндай көмекті арттыра түсуін сұраған.

XS
SM
MD
LG