Ссылки доступа

Wildberries негізін қалаушылардың бірі Бакальчук қамауға алынды


Владислав Бакальчук
Владислав Бакальчук

Ресейде Wildberries компаниясындағы атышулы оқиғаға байланысты Владислав Бакальчукқа және одан басқа алты адамға айып тағылған. Бұл жөнінде "Свобода" радиосы хабарлады.

Бакальчуктың 48 сағатқа қамауға алынғаны, оған "адам өлтіру, күзет қызметкерлеріне қол салу" бойынша айыптар тағылған.

Ол өзінің кінәсі жоқ екені, тергеушілер тиісті құжаттарды тексергеннен кейін босатады деген үмітін білдірген.

Интернет арқылы сауда жүргізетін Wildberries компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде 18 қыркүйекте оқ атылып, екі адам қаза болған, тағы оншақты адам жарақат алған. Интернет-дүкеннің негізін қалаушы, Ресейдегі ең бай әйелдердің бірі Татьяна Бакальчук Телеграмға бұрынғы күйеуі Владислав Бакальчук компанияны басып алуға әрекет жасап жатыр деп мәлімдеген.

Оның айтуынша, Владислав Бакальчук кеңсеге қарулы топтың қатысуымен кіруге әрекет еткен. Бірақ ол кеңсеге сөйлесу үшін барғанын, бірақ қарулы топтың шабуылына тап болғанын айтқан.

"Свобода" радиосы жазғандай, оқиға Кремльден 350 метр қашықта орналасқан "Романов Двор" бизнес-орталығында болған. Жараланғандар арасында кавказдық ережесіз күреске қатысушылардың үшеуі бар.

"Агентство" басылымының мәліметіне қарағанда, олардың бірі Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың "Ахмат" күрес клубының мүшесі.

Mash Телеграм каналы зардап шеккендер арасында кәсіпқой спортшылар Абубакар Местоев, Умар Чичаев және ауыр салмақтағы бокс бойынша Ресейдің және орыс армиясының чемпионы Рашид Кодзоев болғанын жазды.

Ресейдегі ең кірісті бизестердің бірі Wildberries айналасында үлкен жанжал туындаған. Оның негізін қалаушы және иесі Татьяна Бакальчук ажырасып жатқанын мәлімдеген кезде, күйеуі Владислав Бакальчук компания рейдерлікке тап болғанын мәлімдеп, Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтан көмек сұраған.

Қаза болған екі адам компанияның күзет қызметкерлері болған.

XS
SM
MD
LG