Ссылки доступа

Мәскеу соты Meta баспасөз хатшысы Энди Стоунды сырттай қамауға алуға шешім шығарды


Энди Стоун
Энди Стоун

Мәскеудің Басман аудандық соты Meta компаниясының баспасөз хатшысы Энди Стоунды сырттай қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Ол Қылмыстық кодекстің "Террорлық әрекетке көмек көрсетті", "Терроримді ақтау" және "Терроризмге ашық шақыру" баптары бойынша айыпталып жатыр. Facebook және Instagram әлеуметтік желісіне иелік ететін Meta компаниясы Ресейде "экстремистік" деп танылған.

Сот Стоунды екі айға қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Бұл шара ол ұсталған жағдайда қолданылады.

2022 жылы наурызда Ресейдің тергеу комитеті Meta компаниясына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Оған компанияның модерация саясатын өзгертіп, "орыс басқыншыларына өлім тілеген" пікірлер жазғандарды блоктаудан бас тартқаны себеп болған. Компанияның бұл шешімін Энди Стоун жариялаған.

XS
SM
MD
LG