Өрт таңғы 04:03 шамасында болған. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, өртке алауошақтың жанып кетуі себеп болуы мүмкін. Иіс газынан адамдар уланған. Shot телеграм-каналының жазуынша, адамдар тірідей жанып кеткен. Біреуі екінші қабаттан секіріп, жарақат алған. Ол қазір ауруханада жатыр.
Тергеу комитеті "абайсызда бірнеше адамның өліміне әкелді" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жеке үйді 24 жастағы Өзбекстан азаматы жалға алған. Оны хостел етіп, Ресейде тіркелмеген шетел азаматтарына жалға беріп келген.