Ссылки доступа

Татарстан мүфтиі Украинаға соғысқа барғандар жұмаққа түседі деп мәлімдеді


Татарстан мүфтиі Камиль Самигуллин
Татарстан мүфтиі Камиль Самигуллин

Татарстан мүфтиі Камиль Самигуллиннің мәлімдеуінше, Украинаға соғысқа барғандарды Аллаһ шаһид деп қабылдап, оларды жұмаққа жібереді.

"Сарбаз құдайға сеніп, өз үйін, отбасын, Отанын қорғаса, Аллаһ оны шаһид деп қабылдайды" деп мәлімдеген Самигуллин. Мүфти мәлімдемесін Бизнес Online басылымы таратты.

Мүфтидің пікірінше, ресейлік жауынгерлер "әділ соғыс" жүргізіп отыр, себебі олардың Палестинаға да көмегі тиеді, өйткені Украинаға көмектесетін АҚШ Израильге аз ақша беруге мәжбүр.

Самигуллин бұған дейін де даулы мәлімдемесімен жұрт назарына іліккен. Осының алдында Татарстан мұсылмандары дін басқармасының басшысы хиджабқа тыйым салуды талқылаған билікті сынап, Махачкалада антисемиттік тәртіпсіздік жасағандарға рақымшылық беруді талап еткен.

XS
SM
MD
LG