Петербург депутаттарының пікірінше, Путиннің Ресей армиясының Украина аумағына басып кіру туралы шешімі Ресей қауіпсіздігі мен оның азаматтарына нұқсан келтіреді. Палюганың айтуынша, Смольнинск депутаттары мұндай шешімді көпшілік дауыспен қабылдаған.
Депутаттар Украинадағы соғыста жастар қырылып, мүгедек болып жатыр, ал Ресей экономикасы соғыс салдарынан құлдырады деп есептейді. Ресей соғыстан бастағалы бері НАТО блогы шығысқа қарай белсенді түрде жылжып келеді, ал Украинаға қару-жарақ көптеп жеткізіліп жатыр, алайда Путин әскери агрессияны басқаша ақтаған еді, деп мәлімдеген депутаттар.
Ресей Украинада соғыс ашқаннан кейін, наурыз айында Смольнинск кеңесі Путинге депутат сауалын жолдап, "қантөгісті" доғаруын, Украина аумағындағы әскерді шығарып, қызметтен кетуін сұраған.