Ссылки доступа

Ресей шетелдіктердің аумағында жүру мерзімін 90 күнге дейін қысқартпақ


Ресей ішкі істер министрлігі миграциялық заңдарды күшейтетін заң жобасын әзірледі.

Жобада шетелдіктердің елінде визасыз жүру мерзімін жылына 90 күнге дейін қысқартып, биометирикалық мәліметтерді тапсыруды міндеттейді. Бұл туралы министрлік өкілі Ирина Волк мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі бұдан бөлек елінде жұмыс істеп жатқан шетел азаматтарының тізімін жасап шығуды ұсынды. Алдағы уақытта барлық миграциялық құжаттар өзгертілмек.

Заң жобасына сәйкес, соттан бөлек атқарушы билік те шетел азаматтарын Ресейден шығара алады.

22 наурызда "Крокус Сити Холл" концерт залына шабуылдан 144 адам мерт болды, 500-ден астам адам зардап шекті.

XS
SM
MD
LG