Ссылки доступа

Ресей ІІМ азаматтықты жақында алғандар туралы әскери комиссариаттан мәлімет сұраған


Ресей ІІМ әскери комиссариаттардан жақында ғана орыс азаматтығын алған, бірақ әскери тіркеуде тұрмаған адамдар туралы мәлімет сұратқан. Бұл жөнінде ІІМ өкілі Ирина Волк мәлімдеді.

2024 жылдың 8 айында 1117 азамат заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін азаматтықтан айырылды деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі өкілі Ирина Волк.

8 тамызда қол қойылған жаңа заңға сәйкес, азаматтық алғандар әскери тіркеуден өтуге міндетті. Бұл заң Украинадағы соғыс барысында қабылданды. Александр Бастрыкин маусым айында Ресей тарапта он мыңға жуық мигрант майдан алаңында екенін айтқан.

Халықаралық миграция ұйымының мәліметінше, Ресейде 12 миллион мигрант бар, олардың көбі Орталық Азия елдерінен келген.

XS
SM
MD
LG