Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыстар болып жатыр, тараптар бір-бірін адандатты деп айыптады


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыстар жүріп жатыр. Бішкек Душанбені келісімді бұзды, "опасыз шабуыл" жасады деп айыптады. Душанбе қырғыз жауынгерлерін бірқатар тәжік елдімекеніне оқ атты деп сынады.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстанға наразылық нотасын тапсырды.

Қарулы қақтығыстар қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының барлық жерінде жүріп жатыр, деп хабарлады Қырғызстан ҰҚМК Шекара қызметі. Оның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәжік жағы Баткен облысы Лейлек ауданындағы Құлұнду, Мақсат және Жаны-Жер елдімекендерін атқылаған. Шекара қызметінің әскери қызметкерлері қарымта оқ атты, деп жазылған шекара қызметінің мәліметінде. Қырғызстанның Баткен ауданында шекара бойындағы елдімекендер тұрғындарын басқа жерге көшіріп жатыр, деп хабарлады Азаматтықтың Қырғыз қызметі.

Қырғыз жағы Тәжікстанды келісімді бұзды, "опасыз шабуылға" көшті деп айытады. "Тәжікстан билігінің қалыптасқан ахуалды бақылауға алуға шамасы жетпеді, одан қалды қарула қақтығысға дем беріп отыр", - деп мәлімдеді Қырғызстан ҰҚМК. Шекара қызметі Тәжіктстанды "атысты доғарып, қарулы қақтығысты доғаруға бар күшін жұмсауға" шақырды.

Тәжікстан ҰҚМК Шекара әскері жанжалды бірінші бастады деп қырғыз жағын айыптады. Шекара әскерінің мәліметінше, таңғы сағат 4:50 шамасында қырғыз шекарашылары қарудың ауыр түрімен "Душанбе" шекара бекетін атқылаған.

"Қырғызстан әскерилері қарудың ауыр түрлерімен Исфара қаласындағы Ходжаи Аъло, Куммазор, Сурх, Сомониен, Кульканд елдімкендерін, Бобожон Ғафур ауданындағы Хистеварз бен Овчикалъача ауылдарын атқылады", – деп мәлімдеген Тәжікстан шекара әскері. Мәліметті "Ховар" агенттігі таратты.

Тараптар атысты доғару туралы келісімге қарамастан шекарада қақтығыс болып жатқанына бір-бірін айыптады.

Қырғыз жағы кем дегенде 11 адам жараланғанын хабарлады. Олар Баткен облысындағы ауруханаға түсті. Тәжік ақпарат құралдарының мәліметінше, тәжік жағынан екі жауынгер мерт болды, 11 адам жараланды.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында апта басынан бері осымен екінші мәрте күрделі ахуал қалыптасты. 14 қыркүйекте шекараның үш жерінде - Бұлақ-Башы, Как-Сай және Паскы-Арық елдімекендерінда қақтығыс болды. Көрші елдер атыс бастады деп бір-бірін айыптады.

Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы 970 километр шекараның 519 шақырымы келісілген, қалған бөлігі әлі нақтыланған жоқ. Қырғыздың Баткен облысы мен Тәжікстанның Соғды облысы арасындағы даулы жерде ауылдар, кей тұсында екі елдің тұрғындарының үйлері қоңсы орналасқандықтан ол жерде шекараны нақтылап, белгілеу қиындық туғызған. Соның салдарынан көрші екі елдің тұрғындары мен шекарашылары арасында суға, жерге талас жиі болып тұрады. Кейде жанжал барысында қару қолданылып, адам өліміне ұласады.

XS
SM
MD
LG